Облыстық Олимпиада Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиада облыстық кезеңде оқушыларымыз 3 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды!
Респа Камп Ақпан және Наурыз айларында Астана қаласында 2 оқу жаттығу жиындары өтті.
Юниорлар олимпиадасы 7-8 сыныптар арасындағы юниорлық облыстық олимпиадада оқушыларымыз 1 алтын және 1 қола медаль еншіленді!
Жауапты кісілер 7 сыныптарға жауапты Сүйеуберді Санжар 8 сыныптарға жауапты Ахмет Нұрлыбек және Әділғали Нұрасыл 9-10 сыныптарға жауапты Хайруллин Амирхан
Жаңа белестер.
Қош келдің 7 сынып егерде сен биологияға қызықсаң, биологиядан олимпиадалармен жарыстарға қатысқың келсе онда біз сені А блок 220 кабинетінде күтеміз. Биология бұл өмір, өмір түрлі қызықтарға толы сені бұл қызықтарды бірге зерттеуге шақырамыз. Дс-Жм сағат 16:30-18:30 арасында Биология кабинетінде.
Сүйінші!!! 21-25 наурыз Астана қаласында өткен биология пәні бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде лицейіміздің 9 сынып оқушысы Әділғали Нұрасыл абсолютті бірінші орын иеленіп Алтын медаль жеңіп алды!
Бұған дейін алтын медальды 8 жыл бұрын Құлшәріп Нұрдаулет алған болатын!
Нұрасылды шын жүректен құттықтап, алдағы өтетін оқу жаттығу жиындарында жоғары нәтиже көрсетуді тілейміз!